refberry.ru

Фразеологизмдер

САБАҚ БОЛДЫҚорытынды шығарлық ойға келді,ескерерлік ой салды. Екінші рет мұндай жағдайды қайталамайтын болды.

СӨЗ БОЛДЫАйтылды,талқыланды,қаралды.

СЫНҒА АЛДЫ Кемшілігін айтты

ТАЛАН-ТАРАЖЫҒА ТҮСТІ // ҰШЫРАДЫКім көрінгеннің қолында кетті,ұрланды.

ТУРАСЫН АЙТТЫШынын,анығын баяндады.

ТҮЙІНДІ СӨЗНегізгі, қорытынды сөз. Мәселенің шешімі.

ТҮККЕ ТҰРМАЙДЫІске алғысыз ,ештеңеге жарамайды.

Ресми – іс қағаздар тілінде қолданылатын фразеологиялық бірліктер

Іс қағаздар мәтіндерінде қайталанып отыратын біртектес, стандарт жағдайлар мен ұғымдар экстралингвистикалық фактор ретінде стандарт тілдік бірліктер мен іс қағаздар тіліндегі терминдер мен терминдік құрылымдарды тудырады. Бұл – ресми – іс қағаздар стильнің маңызды белгілерінің бірі. Іс қағаздар тіліндегі стандартталу процесі тілдің барлық деңгейін –лексикасын, морфологиясын, синтаксисін қамтиды. Осының нәтижесінде тұрақты тілдік стреотип қалыптасып, тілдің нормаға түскен мәтіндерден тұратын ерекшк типін жасайды. Стандарт тілдік бірліктердің негізгі қасиеті олардың құрылымы мен семантикасының тұрақтылығы, өзгермеген, дайын күйінде қолданылуы болып табылады. Іс қағаздар тіліндегі стандарттылық кездейсоқ пайда болған құбылыс емес, ұзақ уақытқа созылған тіл тәжірибесінің, типтік іріктеудің нәтижесі. Әдеби тілдің басқа стильдік тармақтарымен салыстырғанда ресми – іс қағаздар стильінде стандарт тілдік бірліктердің кеңінен қолданылуы бұл стильдердің ойды анық жеткізу, мазмұнды дәл беру, барынша қысқа, барынша нақты тұжырымды талап ететін негізгі ерекшеліктерінен туындайды. Іс қағаздар тіліндегі стандарт тілдік бірліктер құжат мазмұнын тез түсінуге ықпал етеді. Стандарт тілдік бірліктердің туып, қалыптасуына әсер ететін бірнеше факторды атап көрсетуге болады. Оның бірі – күш – жігерді үнемдеу заңы негізінде пайда болған тілдік экономия. Яғни стандарт тілдік бірліктер әлеуметтік және үнемділік қажеттілігінен туындайды.Стандарт тілдік бірліктерді орынды, мақсатқа сай, тілдік нормаға сәйкес қолдану әр тілдік стильдің өз ерекшклігіне байланысты саналы түрде және шығармашылық тұрғыда шешіледі. Стандартталған тілдік бірліктер дегеніміз – бір немесе бірнеше шартты сөздерден тұратын бірақ семантикалық тұрғыдан алғанда бір бүтінді құрайтын бірлік. Іс қағаздар тілінде қолданылытын тілдік бірліктердің ауқымды бір тобы – фразеологизмдер. Тіл – тілдердің қай – қайсында да фразеологизмдер – сөздік құрамның ең күрделі, ең өміршең, әрі өзіндік ерекшелігі бар бөлігі. Кез келген тілдегі фразеологиялық бірліктер сол тілдің иесі болып табылатын халықтың өзіндік ұлттық белгісімен қатар тарихи даму жолын, сол тарихи кезеңдердегі барлық тыныс – тіршілігін көрсететіні белгілі. Сол тыныс – тіршіліктің бір саласы, ресми қарым – қатынас, басқару, іс қағаздарын жүргізу саласы. Қазақ фразеологизмдерін теориялық тұрғыдан да, лексикографиялық тұрғыдан да алғаш негіздеушілердің бірі І. Кеңесбаев фразеологизмдерді танып білудің үш принципін ұсынады. Олар: “1)мағына тұтастығы ( белгілі бір ФЕ – нің ішіндегі сөздер бастапқы мағынасынан түгел немесе ішінара жартылай айырылып қалады да, шоғыр тіркес біртұс мағына береді); 2)тіркес тиянақтылығы (белгілі бір ФЕ – нің ішіндегі сөздер бір бірімен жымдаса байланысады, олардың орын тәртібі нық келеді, барлық жағдайда дерлік бір шоқ тіркесу өз қалпын сақтайды) 3) қолдану тиянақтылығы (белгілі бір ФЕ әрдайым айна – қатесіз, өлеңдегі қайырма тәрізді бұлжымай қайталана қолданылады)” бұл үш белгі бір-бірінен ажырамай, іштей өзектесіп, тұтасып жататыны белгілі. І. Кеңеспаев авторлығымен шыққан “ қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінде” жинақталған тілдік материалдар мен ғалымның ғылыми тұжырымдары негізінде қазіргі қазақ тіл білімінде фразеологизмдер түрлі аспектіде, жан-жақты зерттелу үстінде. Бұл бағытта жүргізілген зерттеу жұмыстары қатарында Ә.Болғанбайұлы мен Ғ. Қалиевтің (қазіргі қазақ тілінің лексикасымен фразеологиясы ), Ө. Айтпаевтің “Аудармадағы фразеологиялық құбылыс”, А. Алдашеваның “Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер”, С.К. Сатенованың “қазақ тіліндегі қос тағанды фразеологизмдердің тілдік және поэтикалық табиғат” т.б. еңбектерді атауға болады. Бірақ бүгінгі күнге дейнгі фразеологизмдер зерттеу нысаны ретінде алынған еңбектерде фразеологизмдердің ресми – іс қағаздар тілінде қолданылуы жайлы сөз болған жоқ. Бір қатар еңбектерде “фразеологизмдердің кейбір стильдік ерекшеліктер”, “фразеологизмднрдің мәнерлегіш стильдік функциясы жайлы” айтылғанымен, онын ресми-іс қағаздар тіліндегі қолданысы аталмайды.”Қазақша-орысша фразеологиялық сөздік” авторлары стильдік қолданылуы аясына қарай фразеологизмдеді сөйлеу тілінің фразеологиясы және жазба тіл фразеологиясы деп екі топқа бөледі. Сөйлеу тілінің фразеологиясына”фольклорлық, ауызекі сөйлеу тілі, қарапайым,кәсіби, диалектілік” фразеологизмдер, ал жазба тіл фразеологиясына “поэтикалық, әдебишығармаларда, публицистикада” қолданылатын фразеологизмдер жатқызылады. І. Кеңеспаев:” әрбір фразеоллогимнің қолданылу әлпетін, күллі стильдік қызметтерін толық құжаттама негізінде сипаттап шығу келешектін жұмысы”,-деп өз еңбегінде . Фразеологимдердің функционалдық- стильдік қызметі олардың фразеологиялық симантикасынан, эмоционалды- экспрессивтілігінен, бағалауыштық қызметінен туындайтыны белгілі. Әрине, фразеологизмдердің аталған қызметің айқындауда олардың тілдік бірлік ретіндегі басқада қасиеттері ескерілетіндігі сөзсі. Жалпы фразеологизмдердің ішінде кейбір сөздер симантикалық жағынан ерекшеленіп,фразеологизмдер жасалуда түп қазық қызметін атқаратындығы белгілі. Мұндай сөздер ғылыми еңбектерде “ұйытқы сөз” деп аталып жүр. Мысалы, қазақ тілінде тіл, жүрек, көз, ауыз, ақ, қара, қол, бас, тас, ит, жер, бір, жеті, т.б. сөздер фразеологизмдердің құрамындағы ұйтқы сөздер болып табылады. Ресми- іс қағаздар тілінде қолданылатын фразеологизмдердегі ұйтқы сөздерге іс, бас, бет, бір, есеп, көз, сөз, қол, орын, т.б. жатады. Мысалы, ІС: іс жүзінде-шын мәнінде, іске алғысыз-жарамсыз, іске араласты-жұмыс, қызмет істеді, іске қосты-жұмыс, қызмет істетті, іске мұрындық болды- жұмысқа бастаушы болды, істеген ісі далаға кетті-бар қызметі зая болды, істен шықты-бұзылды, бүлүнді, іс тындырды- шаруаны бітірді, істі болды-айыпталды, істі жапты-қылмысты істі тексеруді тоқтатты, істің көзін тапты-жұмыстың орындылу тетігін, жүйесін тауып істеді.БАС: бас қосты-жиналды, кеңесті, бастарту-қарсылық білдіру, басы артық – өажетсіз, басы ашық- даусыз, айқын, басын ашу-талас, белгісіз мәселені анықтау, басымен жауап беру-өз мойнымен көтеру т.б. ЕСЕП: есебі жоқ-көп, мол, сеп айрды-бөлінді, есептесті, қатынысты үзді, есеп берді-істелген іс жайлы қорытынды жасады,есеп алды-істелген істің нәтижесін сұрады т.б. КӨЗ: көз бояды-өтірік айтты, көзге басылды-бірден, анық көрінді, көзге түсті (шалынды, ілікті)-көрініп қалды, көзге шұқыды-бетіне басты, көз жазбады-жібермеді, бақылап отырды, көз жазып қалды-айрылып қалды, жоғалтты, назардан шығарып алды, көз қырына алды-бақылады, назарынан тыс етпеді, көз салды-көңіл бөлді, қарады, көзін жеткізді-шындық екенін анықтады, көзіне айтты-өзгеге емес,тура өзіне айтты, көзін тапты-істін орайын, ретін келтіріп істеді, қалай істейтін жолын тапты, т.б. ҚОЛ: қол астында, билігінде, қол байлады-кедергі жасады, бөгет болды, қолға алды-мәселені шешуге , орындауға кірксті, қол жиды-адам жинады, жақтас адамдарға қол қойдырып алды, қол жетті-көздеген мақсаты орындалды, айтқаны болды, қол қойды-келісті, мақұлдады, қағазды растады, қол созды-ұмтылды, талпынды, қол сұқты-ұрлады, құқын қорлады, қол ұшын берді – көмек көрсетті, қол үзді- байланыс жасамады, тастап кетті, сырт қалды, т.б. бұл сөздердің белгілі бір тізбек, тіркестерге түп қазық болу себебі ресми-іс қағаздарының тақырыптық, мағыналық, прогматикалық ерекшелігіне байланысты. Мұндай ұйтқы сөздердің табиғатын, себеп-салдарын, мағыналық топтарын өз алдына тексеруден мәні зор. Іс қағаздар тілінде стандарт тілдік бірлік ретінде жиі қолданылатын синонимдес фразеологизмдердің мағыналық, стильдік прагматикалық мақсаты, реңкі бар. Мәселен, көмектесу ұғымын беру үшін қолданылатын қол ұшын беру, ат салысу, септігін тигізу фразеологизмдері мағыналас болғанымен стильдік реңкі мен прагматикалық мақсатының әр түрлі екендігі сөзсіз. Ресми – іс қағаздар тілінде мәселені, болған оқиғаны барынша ресми, сыпайы, бейтарап тонмен баяндауға ерекше мән беріледі. Мәселен, ауызекі стилінде, көокем әдеби стилінде қолданылатын өлді сөзінің орнына қайтыс болды, дүние салды, қайтпас сапарға аттанды, көз жұмды фразеологизмдері қолданылады. Тосыннан келген өлім болған жағдайда кенеттен қайтыс болды, мезгілсіз қайтыс болды тіркестері, әскери, соғыс жағдайында немесе арнайы тапсырманы орындау барысында қайтыс болса, қаза тапты, тіркесі қолданылады. І. Кеңесбаев өз еңбегінде фразеологизмдердің нұсқасы мен синонимі туралы мәселенің басын ашып: “фразеологиялық синонимдер деген мәселе нұсқасы ұғымынан түбегейлі бөлек. Варианттарда қалайда ең кемі компонент ортақтаса қолданылса, синонимдес фразеологизмдерге ешбір компонент қайталана алмайды: ФЕ – лердің мағыналық жуықтығы болғанмен тұрпат жуықтығы болмайды ”, -деп жазған еді. Мағыналық, стильдік, прагматикалық мақсатта ресми – іс қағаздар тілінде фразеологизмдердің ғана емес, жеке сөздер мен сөз тіркестерінің де синонимдерінің қолданылуы заңды құбылыс. Ә. Болғанбаев синонимдердің қолданылуына стильдік, мағыналық мақсатпен қоса олардың тіркесімділігінің де маңызды екендігін көрсетеді. Іс қағаздар тілінде стандарт тілдік бірлік қызметін атқаратын фразеологизмдердің бір тобы сөзбе – сөз аудару арқылы жасалған тұрақты тіркестер. Мысалы, дауыс беру, қамтамасыз ету, аяғына тұрғызу, мәселені қабырғасынан қою, қажет болған жағдайда, келісім жүргізу, есеп ашу, есеп жүргізу, парызын өтеу, өз құзіреті шеңберінде, қисық айна, нөмірі бірінші мәселе, бүгінгі күннің өзекті мәселесі, т.б. Тіл біліміне фразеологизм ұғымы штамп ұғымымен тікелей байланыста қарастырылатындығын ескерсек, іс қағаздар тілінде фразеологизмдердің стандарт тілдік бірлік, яғни дайын материал ретінде қолданылуы заңды құбылыс. Ш. Балли: “о языковых”штампах”; они имеют прямое отношение к фразеологии и, корме того, представляют собой связующее звено между всеобщей речевой практикой и индивидуальным творчеством, то есть фактами стиля”, -деп жазады. Фразеологизмдер тек ауызекі сөйлеу тілі мен көркем әдебиетте ғана емес, ресми – іс қағаздар тілінде де маңызды стильдік – прагматикалық қызмет атқаратын тілдік бірлік. Стандарт тілдік бірліктердің жекелеген түрлері функционалды стилистика және фразеологияға байланысты кейбір зерттеулерде қарастырылғанымен, бүгінгі күнге дейін жан жақты қарастырылып, теориялық тұрғыдан негізделген еңбек жоқ. Іс қағаздар тіліндегі стандарттылықтың себебі кез келген құжат жазушы оған дейін талай адам қолданған, сараптан өткізілген, өз қызметін атқаруға дайын тілдік бірліктерді қолданады.Оларды қолдану біріншіден, құжат дайындауды тездетеді, уақыт үнемдейді, байланыстырып, айтайын деген ойды дәл бере ме, бермей ме деп толғанудың қажеті жоқ, үшіншіден, іс қағаздарын жазу барысында қалыптасып, тәжірибеден өткізілген дайын тілдік бірліктер іс қағаздарының өзіндік стильдік бояуын анық береді.





Ресми-іс қағаздары терминдерін қалыптастыру

Қазақ іс қағаздары терминдерін жасау, қалыптастыру, жүйелеу, реттеу жұмыстарын дұрыс жолға қою, жалпы даму бағытын белгілеу- бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Соңғы он-он бес жыл көлемінде термин мәселесіне айрықша көңіл бөлініп, тілші-ғалымдардың, іс қағаздарын жүргізушілердің, аудармашылардың, жалпы көпшіліктің жаппай пікір білдіріп ат салысып жатқандығына қарамастан, қазақ іс қағаздары терминдерін қалыптастырудың өзіндік проблемалары аз емес. Қазақ іс қағаздары терминдерін қалыптастыру үшін термин шығармашылығында іске қосылатын амал-тәсілдер мен пайдаланылатын ішкі мүмкіншіліктерді айқындап, өзіндік ерекшеліктерін көрсетудің маңызы ерекше.

Қазіргі таңда белең алған бір құбылыс іс қағаздарын, олардағы терминдерді түгелдей орыс тілінен аударып алып жатырмыз. Тіпті бір сөзбен, бір тіркесін мүлт жібергіміз келмиді, түгендеп отырамыз, кейде осыны қатаң ұстанамыз деп шарттылыққа, түсінбеушілікке ұрынамыз. Мысалы, орыс тіліндегі делопроизводство термині іс қағаздарын жүргізу болып қалыптасқан, соңғы кезде орыс тіліндегі нұсқасында қағаз сөзі жоқ болғандықтан, оны алып тастап іс жүргізу деп айту, жазу, белең алып жүр. Негізінде іс жүргізу заң саласында қолданылатын термин ретінде қалыптасқан. Беретін мағынасы да көпшілікке түсінікті- белгілі бір қылмысты істі жүргізу. Осыған орай істі болды, ісі сотта қаралды, қылмыстық іс тоқтатылды, істі жүргізу Пәленшеевке тапсырылды деген сияқты тіркестерді жиі қолданамыз. Олай болса делопройзводство терминін іс жүргізу деп алудың қанша қажеттілігі бар? Делопроизводство терминінің іс қағаздарын жүргізу деп қолданылған дұрыс. Себебі іс қағаздарын жүргізу термин ретінде бұрыннан қалыптасып, тілге сіңісті болған, екіншіден, өз мағынасын толық, айқын бере алады, үшіншіден, іс жүргізу заң термині ретінде қалыптасқын, өзінің беретін мағынасы, атқаратын қызметі, қолдану ерекшелігі бар, тқртіншіден, әрқайсысының өз атауы тұрғанда екі терминді бір сөзбен беру қажеттілігі жоқ. Делопроизводство- іс қағаздарын жүргізу, деловые бумаги- іс қағаздары болып қолдаылуы тиіс.

Кеңес дәуірінде басшылыққа алынып келген терминжасаудың негізі принциптерінің біразы бүгінгі күні ескерілмей, қазақ тілінде термин қалыптастырудың ғылыми негізделген жаңа принциптері әлі қалыптаса қоймағандықтан, бүгінгі таңда қазақ терминологиясы күрделі кезеңді бастан өткелі жатыр. Осының нәтижесінде терминжасау бейберекет, бұқаралық әрекетке айналып бара жатқаны да жасырын емес. Бұған соңғы жылдары жарық көрген түрлі сөздіктерді, оқулықтарды, оқу құралдырын, іс қағаздарында қолданылып жүрген түрлі сөз қолданылып жүрген түрлі сөз қолданыстарын салыстыру арқылы көз жеткізуге болады.

Мемлекеттік тілдің өз мәртебесіне лайық толыққанды қызмет атқарып, кеңінен қолданысқа түсу деңгейі ұлттық терминологияның дамуымен тығыз байланысты екені даусыз. Қазақ іс қағаздар тіліндегі көптеген терминдер орыс тілінен, орыс тілі арқылы басқа тілдерден енген. Олардың көпшілігінің қазақшаланған нұсқасы бар. Кейбірінің орыс тіліндегі нұсқасы да қазақшаланған нұсқасы да қатар қолданылып жүр.Мысалы, резолюция-бұрыштама, резюме-түйіндеме, акт-кесім т.б.

Кез келген құжаттың алғашқы, яғни негізгі нұсқасы болады. «Оригинал документа: 1. Первоначальный экземпляр документа. 2. Экземпляр документа, являющийся исходным материалом для копирования» [1,54 б]. Бұл негізгі нұсқа да іс қағаздарында әр түрлі жазылып жүр. Кейде оригинал күйінде, яғни орыс тілінен аударылмай сол күйінде қолданылса, кейде түпқұжат деп те қолданылады. Төлқұжат деген сөзді оригиналдың аудармасы ретінде қабылдай алмаймыз. Біріншден төлқұжат термині паспорттың аудармасы ретінде бекітіліп, қолданысқа еніп кетті, екіншіден, оригинал паспорта деген қолданысты төлқұжаттың төлқұжаты деп аудару қалай болады. Оригиналдың ең ұтымды баламасы ретінде түпнұсқа сөзін алуға болады. Себебі түп сөзінің шыққан тегі, негізі деген мағынасы бар, ал нұсқа сөзі түсіндірме сөздікте берілген «Белгілі бір заттың ең алғашқы түп негізі» мағынасымен қатар қазір вариант сөзінің баламасы ретінде де қолданылады. Сонда түпнұсқа сөзі іс қағаздар тілінде белгілі бір құжаттың алғашқы нұсқасы, негізгі варианты деген ұғымды бере алады

Құжат жоғалған кезде қолға берілетін, құжаттың түпнұсқасымен күші бірдей көшірмесі дубликат деп аталады. «Қазақ тілі: Ресми іс қағаздар тілін оқыту» деп аталатын оқу құралында [2, 92 б] дубликат- төлқұжат деп аударылыпты. Төлқұжат жоғарыда айтылғандай паспорттың аудармасы ретінде аударылып, қолданысқа еніп кеткендіктен және төл деген сөз ең алғашқы, өзіне ңана тән деген ұғымды беретіндіктен дубликат сөзінің орнына жүре алмайды. Қазір іс қағаздар тілінде дубликаттың баламасы ретінде телқұжат, телнұсқа терминдері қолданылып жүр. Оригиналды түпнұсқа деп қалыптастырсақ дубликатты телнұсқа деп қалыптастыруға әбден болар еді.

Протокол терминінің аудармасы ретінде осы уақытқа дейін мәжілісхат, хаттама сөздері қатар қолданылып келді. Мәжілісхат терминінің мәжілістің мәжілісхаты сияқты қолданыстардағы үйлесімсіздігіне байланысты соңғы уақытта хаттама сөзі термин ретінде көп қолданылып, қалыптаса бастады. Бірақ хаттама термині меккеменің, ұйымның жиналысы мен мәжілістерінде қаралған, қорытындыланған мәселелерді көрсететін, тіркейтін құжат атауына сәтті табылған балама болғанымен , “дипломатиялық акт тартібін реттейтін ережелер мен дәстүрлер жиынтығы” ұғымында қолданылатын дипломатический протокол, Протокольная служба президента сияқты тіркестерде қолданысқа жарай алмай тұр.

Хаттаманың қолға берілетін белгілі бөлігін (выписка из протокола ) осыған дейін хаттамадан көшірме деп атап келдік. Енді осындағы көшірме сөзі копия сөзінін аудармасы және оның мағынасын дәл беретіндіктен және копия мен выписканы бір-бірімен шатыстырмас үшін хаттамадан көшірме емес, хаттамадан үзінді деген қолданыс дұрыс. Біріншіден, екі терминді бір сөзбен атағанша, әрқайсысынын өз атауы болғаны дұрыс, екіншіден, копия мен выписка бір нәрсе емес, үшіншіден, үзінді сөзі хаттамадан үзінді (выписка из протокола ) деп аталатын құжаттын мағынасын көшірмеге қарағанда дәл ашады. Хаттамадан көшірме деп аталатын құжат хаттаманын бүкіл мазмұнының көшірмесі емес, тек қажетті бөлігінін мәтіні өзгертілмей жазылған, қолға берілетін нұсқасы. Кез келген құжаттын үзіндісі құжаттын толық мәтіні қажет болмаған жағдайда, құжатта жазылған бірнеше мәселенің ішінен біреуі ғана қажет болғанда немесе құжаттың толық мазмұның құпия ұстау қажет болған жағдайда дайындалады. Құжат үзіндісінде жазылған мәліметтін растығын, дұрыстығын дәлелдеу үшін орыс тілінде “выпыска верна” деп жазылып, жауапты қызметкердің қолы қойылып, мекеме мөрі басылады. Құжат үзіндісінін дұрыстығын, растығындәлелдейтін жазба үзіндісі рас, үзіндісі заңды, үзіндісі дұрыс т.б. бірнеше нұсқада қолданылып жүр. Бұлардын ішінен үзіндісі дұрыс деген нұсқа іс қағадар тілінде қолдануға икемді, растайтынжазба ұғымын бере алады. Құжаттын үзіндісі емес, көщірмесі берілген жағдайда көшірмесі дұрыс деп жазылады.

Статус сөзінің орнына мәртебе сөзін терминдік балама ретінде қолдана бастадық. Мәртебе тілімізде жағымды реңк беретін сөз екені белгілі. Мәртебесі арту, мәртебесі көтерілу, мәртебесі өсу сияқты тіркестер тілімізде жиі қолданылады. Мәртебе сөзі ұлттық университет мәртебесі, мемлекеттік тіл мәртебесі, депутат мәртебесі, азаматтық мәртебе сияқты тіркестерде сәтті қолданыс болғанымен, статус беженца, статус безработного, статус оралмана тіркестерін аударған кезде қарама – қайшылыққа ұрындырады.

Іс қағаздары мазмұны мен қызметіне қарай жеке адамға қатысты және қызметтік деп бөлінетіні белгілі. Бүгінгі танда жеке адамға қатысты құжаттардын ішінен заман талабына қарай ең жиі қолданылатындарының бірі- резюме. Резюме сөзі түйін, түйіндеме, тұжырым, тұжырымдама деп аударылып жүр. Қазақ іс қағаздар терминдерінде бірізділіктің болмауы оны құжат матінде жазу-жазбау тығырығна тірейді де, осыдан келіп құжат толтырушылардың көпшілігі орыс тілі арқылы енген нұсқасын пайдалануға мәжбүр болады. Резюме француз тілінен алынған термин. Айтылған немесе жағылған мәселенін қысқаша түйіні деген мағына береді. Белгілі бір шығарманың, айтылатын ойдың ғылыми жұмыстың т.б. резюмесі болады. Адамның жеке басына қатысты іс қағазынын бір түрі ретінде жазылады резюмеде белгілі бір адамның өмір баяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі, икемділігі т.б. жайлы нақты, қысқа мәлімет беріледі. Қазақша айтқанда резюме деген тоқсан ауыз сөздін тобықтай түйіні болғандықтан, түйіндеме оның сәтті баламасы. Қазір резюменің бірнеше аудармасы да, орыс тілі арқылы енген нұсқасы да қатар қолданылып жүргенімен түйіндеме термині сәтті балама ретінде іс қағаздар тілінде орнығары сөзсіз.

Терминге лексикология тұрғысынан да, концептология тұрғысынан да қарай отырып, оның термин- сөз, термин-ұғым деп аталатын екі қырына бірдей мән берілуі қажет. Термин- сөздін термин-ұғымды дәл беруі дегеніміз оның өзге қғымдардан айрықша, өзіне тән басты белгілерін көрсете білуі, ұғыммен атаудын бір-бірімен ұштасып жатуы. Қазір қолданылып жүрген іс қағаздары терминдерінің ішінде атауы мәтінде берілетін мән- мағынамен, мазмұнмен сәйкеспей жататындарыда кездеседі. Мұндайда ресми құжаттың мазмұнына үніліп барып, оған сәйкес атауды тандап алу қажеттігі туындайды. Мәселен, жиі жазылатын ңс қағазынын бір түрі- арыз. Арыз- ұйым басшысынын, лауазымы жағынан жоғары тұрған адамның атына белгілі бір ақпаратты, мәліметті, өтінішті жеткізу мақсатында немесе жеке адамның қандай да бір ұйымға немесе заңды тұлғаға өзінін құқықтары мен мүдделерін іске асыру, қорғау үшін жазылатын іс қағазының бір түрі. Арыз-көбінесе жеке адамның атынан жазылады. Іс жүзінде қойылған мәселе бірден бірнеше адамның немесе үлкен ұжымның мүддесін көздейтін ұжымдық арыз түрлері де кездеседі. Арыз белгілі бір себеппен ғана жазылады, әдетте онда бір ғана мәселе көтеріледі. Арыз онда айтылған мәселені шешуге құқы бар адам атына жазылады. Қазір арыз шағым, өтініш атауларының ара жігі ашылмай қолданылып жүр. Себебі арыз сөзі осы уақытқа дейін жиі қолданылып, жұмысқа қабылдауды сұрасақ та, жұмыстан босатуды сұрасақ та, материалдық көмек, пәтер, жатақхана сұрасақ та, жалақыны көтеру туралы, басқа жұмысқа ауыстыру туралы өтініш жасасақ та, наразылық білдіріп, біріеудің үстінен шағымдансақ та арыз деп ат қойып, айдар тағып келдік. Бірақ арызда өтініш, тілек, талап ету реңкінен гөрі көңілге қонымсыздық, теріс әрекеттерге қарсы реніш білдіру, шағымдану реңкі басым. Сондықтан азаматтардың заң арқылы қорғалатын құқықтары ескерілмей, оны қалпына келтіру туралы талап қойылған жағдайда, құжатты жазушының құқықтары мен мүдделерін бұзып отырған мекеменің немесе лауазымды адамның атына сын айтылғанда, әлеметтік әділетсіздік жалпы келеңсіз жайлы жазылатын іс қағазының түрін арыз деп атап, ал жеке тұлғаның немесе ұйымның заңмен бекітілген қажеттіліктерін өтеу үшін, өздеріне түрлі құқықтарды пайдалану үшін өтініш жасап жазған іс қағазын өтініш деп атаған дұрыс. Себебі термин саналы түрде жасалатын болғандықтан, оның жасалуына негіз болған тілде бұрыннан бар сөздің мағынасын тарылтуға да, оған қосымша мағына үстеуге де, ол сөздің негізінде жанына термин жасауға да, мағынаны термин- ұғымды дәл бермеген жағдайда қолданыстан шығарып басқа сәтті баламасын қолдануға да болады.

Іс қағаздарында жиі қоданылатын рапорт термині бар. Рапорттың табиғатында хат, арыз, өтініш, баяндау, есеп беру, сияқты бірнеше ұғым бар. Қазір рапорт ауызша да , жазбаша да беріледі. Көбінесе өзінен қызмет лауазымы, шені жоғары адамның алдында бір тапсырманың орындалуы, оқиғанаң, істің жағдайы туралы мәлімдейтін болғандықтан, рапорттың орнына мәлімдеме терминін қолданған ыңғайлы, әрі қазақша айтуға да, жазуға да тиімді, түсінікті.

Кез келген мекемеде жиі жазылатын құжаттың бірі – іссапар куәлігі (командировочное удостоворение). “ Екі тілде іс жүргізі ” атты сөздік – анықтамалықта Іс сапарының куәлігі деп берілген, іссапар деп екі сөзді қосып жіберсек, біріншіден, -ның деген артық жалғаудан құтылар едік, екіншіден, іссапар куәлігі дегенде құжат атауы қысқа, нұсқа болып нақтылана түсер еді. Осы жерде айта кететін тағы бір ұсыныс Шәкәрім шығармаларында:

Банкрот боп күйресек.

Бұл расходқа еріксіз

Бізді біреу сұқты ма?

Билет, жолхат, куәлік қағазыңды

Сатар ма едің он мың сом ақшаны алсаң?-

деген өлең жолдары бар. Осы мәтіндегі жолхат сөзін іссапар куәлігінің орнына қолданысқа енгізсек, біріншіден, іс сапарының куәлігі деген шқбалыңқы атаудан гөрі айтуғада жазуғада ынғайлы болар еді, екіншіден куәлік сөзін кез келген жерге тықпалай беруден құтылар едік, үшіншіден жолхат сөзі қолхат, сенімхат, кепілхат сияқты іс қағаз атауларымен үндес, әрі бір үлгі бойынша жасалып тұр.

Тілімізде хат сөзінін тіркесуі арқылы жасалған құжат атаулары көп. Олардың қолхат, сенімхат, жеделхат т.б. түрлерін біріктіріп жазамыз да, құттықтау хат, қызметтік хат, нұсқау хат, іскери хат т.б. түрлерін бөлек жазу қалыптасқан. Тілдін жазу нормасындағы бірізділік сақталу үшін хат сөзімен келетін құжат атауларынын барлығын біріктіріп жазу дәстүрін қалыптастыру керек.

Іс қағаздары терминдерін қалыптастыру үлкенде жауапты іс. Бұл қалыптасып, бір ізге түскенше іс қағаздарынын түрлі нұсқалары, түрлі сөз қолданыстары белең алуы мүмкін. Оны жүйеге түсіру үшін де біраз уақыт керек болады. Біздің мақсатымыз, іс қағаздарын жазудағы, оның стандарт нұсқаларын қалыптастырудағы өркениетті елдер тәжірибесіне сүйене отырып, ана тілінің өз заңдылығын сақтап, өз мүмкіншілігін пайдалана отырып қазақ іс қағаздар тілін қалыптастыру болмақ.

Ресми-іс қағаздарын аудару және тілдік интерференция

Қазақстандығы қоғамдық-саяси жағдайға байланысты бүгінгі күнге дейін қазақ тілі қоғамдық өмірдің барлық саласында қызмет ете алмағаны мәлім. Негізінен күнделікті тұрмыстық қатынаста, көркем әдебиет пен баспа сөз бетінде қолданылған қазақ тілі ғылым, мәдениет, саяси- әлеуметтік, дипломатия, басқару саласында өзінің толық қанды қызметін атқара алған жоқ. Қоғамда қажеттілік тумағандықтан және қолданылу өрісінің тарлығынан қазақ іс қағаздар тілі өз деңгейінде қалыптасқан жоқ.

Аударма-ғылым. Оның өзіне тән ғылыми, практикалық заңдылықтары бар. Күні бүгінге дейін негізінен көркем аудармаға ден қойылып, орыс тілінен қазақ тіліне көптеген шығармалар аударылып келді. Оның стильдік, жанрлық, тілдік т.б. мәселелеріне назар аударылды. Ал ресми құжаттарды, іс қағаздарың аудару, лның теориясы мен практикасы- тың мәселе.

Баршаға мәлім, біз қазір іс қағаздарын орыс тілінен аудару үстіндеміз. Бұған бірінші себеп- біздің мамандарымыз бен іс қағаздарын жүргізушілеріміздің бірден қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізуге дайын еместігі, екінші себеп- іс қағаздарын қазақша жүргізуде білгілі бір тәжірибенін, қалыптасқан жүйенін болмауы. Осыған байланысты бүгінгі танда іс қағаз мәтіндерін түгелдей орыс тілінен аударып, бір сөзін, бір тіркесін мүлт жібермей тізіп отыру, іс қағаздарының мәтіндерін орыс тілінің заңдылыңына орай қалыптыастыру құбылысы белең алып отыр.

Қазіргі қазақ іс қағаздар тілін қалыптастыруда да аудармаға қатысты қалыптастыра алмай, ретке келтіре алмай жаьқан тұстарымыз жетерлік. Мысалы, жоғры оқу орындарында “введение в политическую науку ” деген пән бар, оны диплом қосымшасында “Саяси ғылымға кіріспе” деп жазып жүрміз. “Саясат тану ғылымына кіріспе” немесе қысқада нұсқа етіп “Саясаттануға кіріспе” деп алсақ болар еді. Сондай –ақ “О переводе студентов на последующий курс обучения” деген бұйрық ”Студентті курстан курсқа көшіру туралы” деп аударылып жүр. Сөзбе – сөз аударсақ “Студентті оқытудың келесі курсына көшіру туралы” болады. Дұрысы - “Студентті келесі курсқа көшіру туралы” сияқты, орысша нұсқасында обучение деген сөз болғанымен, қазақша нұсқасына оқытудың деген сөз қажет емес, себебі мұнда студент деген сөздін болуының өзі-ақ мәселенің оқу туралы екендігін білдіріп тұр.

Сондай-ақ курстық жұмыс туралы Ереженің бір тарауының “Порядок выполнение и подготовки курсовой работе к зашите” деген тақырыбы “Курс жұмысын қорғауға дайындық және оны орындау тәртібі туралы” болып аударылған. Бұл жерде қорғауға дайындықтың орындалған тәртібі деген мағына беріп тұр. Дұрысы – “Курыстық жұмысты орындау және қорғауға дайындық тәртібі ”.

Орыс тіліндегі оформление деген сөздің күнделікті қолданыстағы аудармасы, беретін мағынасы безендіру, ал іс қағаздар тілінде рәсімдеу сөзін қолданған дұрыс, ресімдеу емес. Мысалы оформление документов – құжаттарды рәсімдеу. Пример офермления – рәсімдеу үлгісі, офермление диссертации – дессертацияны рәсімдеу т.б.

Іс қағаздарын аудару кезінде қолданылатын жекеленген сөздің, сөз тіркесінің грамматикалық тұлғалардың белгілі бір стильге, яғни ресми стильге бағындырыла қолданылуы қажет. Аударма нақты, түсінікті болу үшін орын алмастыру, ауыстыру , қосу, түсіріп тастау сияқты трансформациялық процестердің қай – қайсысын да пайдалануға болады.

Қазақ тіліндегі қимылдың болып жатқандығын, әлі де болатындығы жасанды –уда форманты арқылы емес, қазақ тілінің өз заңдылығына сай көмекші етістіктер арқылы берілуі дұрыс. Игі іс жалғасын табуда демей – ақ, Олардың қатары күн сайын өсуде демей – ақ, Олардың қатары күн сайын көбейіп отыр десек, қазақша болмас па еді.

Осындай қолданыстың бірі – орыс тіліндегі привели к гибели тіркесінің аудармасы. “Мысалы, Қалада болған өрт екі адамның қайтыс болуына соқтырды. Шахтада болған авария он жеті адамның өмірін қиюға әкеліп соқтырды. Қазақ қашан қайтыс болуға әкеліп соқтырды деп айтып немесе жазушы еді”, - деп жазады М. Серғалиев. Соқтырып немесе әкеліп соқтырмай – ақ, Қалада болған өрт салдарынан екі адам қайтыс болды. Шахтада болған авария салдарынан он жеті адам қайтыс болды деп жазсақ та, мәтін өзінің ресми сипатын жоғалта қоймайды. Әрбір мекеменің, кез келген қоғамдық орынның есігінде жазылатын Вход, Выход сөздері бар. Олар белгілі бір коммуникациялық мақсатқа – нұсқауға, сілтеме жасауға, ескертуге бағытталған стандартты сөз- формулалар. Қазақша Кіру, Шығу деп жазып жүрміз. Ағылшын және орыс тілдеріндегі Entrance, Exit, Вход, Выход дегендердің ұғымдық көлеміне заттың нақтылығы да (место входа, место выхода) енеді. Ал қазақ тіліндегі кіру, шығу сөздерінде мұндай сипат жоқ. Орысша А где выход? Немесе А где вход? деп сұрасақ та, қазақша Кіру қайда? Шығу қайда? Деп сұрай алмаймыз . Қазақ тілінің өз табиғаты мен нормалық қағидаларының сақталуы көзделсе , Кіретін есік, шығатын есік болып жазылуы тиіс. Мекемелер мен қоғамдық орындарда есіктердің қай жаққа қарай ашылатындығын білдіретін “от себя”, ”на себя” деген жазулары бар. Оларды бірнеше нұсқада, “өзіне қарай”, “өзіңнен ары қарай”, “өзіннен бері қарай” т.с.с. аударып жүрміз. Осы жерде орыс тіліндегі нұсқасын қатып қалған, өзгермейтін ережедей қабылдамай қазақшалап “на себяны” - “ішке”, “от себяны”, “сыртқа” деп жаза салсақ қай қазаққа болсын түсінікті, қысқа да нұсқа болатындығына дау жоқ. Есік ішке немесе сыртқа ашылады. Құжаттарды аудару кезінде синтаксистік құбылыстарды жете ескеруіміз керек. Орыс тілі мен қазақ тілінің заңдылығы әр түрлі болғандықтан, сөйлем құрылысы, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі бір- біріне сай келе бермейді. Қазақ тілінде әр сөйлем мүшесінің белгілі бір қалыпты орыны бар. Интерференция құбылысының негізгі себебі әр түрлі жүйедегі тілдердің қатар қолданылуы болғандықтан, төмендегі мысалдан тілдік нормадан ауытқуды және қазақ тіліне аударылып отырған құрылымдардың түп нұсқа тілінің (бұл жерде орыс тілінің) ықпалына түсуін байқауға болады. Түрлі құжаттарда, мәселен, бұйрық пен өкім соңында төмендегідей сөздер жазылады:

ВНЕСЕНО:____________ Учебно – методическое управление

СОГЛАСОВАНО: ______________ Проректор по учебно – методической работе

Мұндай құрылымдар орыс тілінің синтаксистік жүйесінің әсерінен қазақ тіліне қате аударылып жүр. Мысалы,

ЕНГІЗІЛДІ:_________________ Оқу – әдістемелік басқарма

КЕЛІСІЛДІ:__________________ Оқу – әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор

Сөз тіркесі мен сөйлем ішіндегі сөздердің орналасуының белгілі бір заңдылығы болады. Мысалы, қазақ тілінде сөйлемнің бастауышы, негізінен, бірінші орында, баяндауышы сөйлем соңында, анықтауышы өзі анықтайтын сөзінің алдында келеді, толықтауыш пен пысықтауыш та баяндауыштан бұрын тұруы тиіс. Бірақ бұл барлық тілге бірдей ортақ заңдылық емес. Мәселен орыс тілінде сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі өзгеше. Сондықтан жоғарыда мысал ретінде келтірілген құрылымда сөздердің орын тәртібі орыс тілінің заңдылығына емес, қазақ тілінің заңдылығына сүйене отырып, келесі ретпен берілуі тиіс:

Оқу – әдістемелік басқарма __________________________ енгізді.

Оқу – әдістемелік жұмыс жөніндегі проректормен ______________________ келісілді.

Амандық – саулық сұрау мен құтты болсын айтуға келгенде қазақ тілінен бай тіл жоқ шығар. Солай бола тұрса да орыс тілінің әсерімен жасалған таптаурын сөздерді қолдануға әуеспіз. Мысалы, Келуіңізбен! Табысыңызбен! Мерекеңізбен! дегендер орыс тілінде жылдар бойы қалыптасып, олар үшін әбден сіңістіболған С приездом! С успехом! С празником! сияқты қолданыстардың аудармасы. Орыс тілінде бұл сөздерден кейін поздравляю, желаю сөздері жазылмасада білініп тұрады. Біз Келуіңізбен емес Хош келіпсіз! Табысыңызбен емес Табыстан табысқа жете беріңіз! Мерекеңізбен емес Мейрамыңыз құтты болсын! десек алдыңғы нұсқаларымен салыстырғанда тыңдаушыға да жақсы әсер етіп, ұлттық иісі сезіліп тұрары анық. Егер дұрыс қолдана білсек қазақ тілінде құттықтау, қуанышқа ортақтасу, жақсы ниет – пейіл білдірудің бұдан басқа да әсерлі, ұтымды нұсқалары толып жатыр. Ресми қарым – қатынаста дұрыс сөйлеп, дұрыс жаза білу үшін ресми стильдік элементтерді бейтарап стильдік элементтерден ажырата білу, қазақ тіліндегі сөйлем құрылысының заңдылығын сақтау, орфографиялық, орфоэпиялық, синтаксистік норманы білу, қазақ тілінің табиғи қалпын сақтау керек. Аудару барысында тілдік интерференция, бірінші тілдің екінші тілге тигізетін кері әсері ескерілуі керек. Ең бастысы іс қағаздарын бірден қазақ тілінде жазып, қазақ тілінде жүргізуге көшуіміз керек. Аудармашылықпен айналысу тіл саясатын жүргізідің , іс қағаздарын қазақша жүргізудің алғашқы кезеңіндегі ғана құбылыс болып қалу керек.

Сабақтың тақырыбы: Іскерлік келіссөздер жүргізе білуге үйрету.

Іскерілк келіссөздер- қаралып отырған сұрақ бойынша шешім қабылдау мақсатындағы талқылау. Келіссөздер құжаттарға қол қоюды, екі жақтың міндеттерін анықтайды. Келіссөздер дайындауға арналған негізгі элементтер: олар шешім қабылдау үшін серіктестер іздеу, өзіңнің және серіктестеріңің қызығушылықтарын анықтау, келіссөздер бағдарламасын және жоспарын дйындау, делегация мүлегаця мүшелеріне мамандарды таңдау, ұйымдық мәселелерді шешу және қажетті материалдардыдайындау құжаттарды, сызуларды, кестелерді, диаграммаларды және т.б. Келіссөздерді жүргізу келесі тәртіп бойынша жүргізіледі: әңгімелесу басы- ақпаратпен алмасу, шешімдері өңдеу және қабылдау – келіссөздерді аяқтау.

Келіссөздер процесінде бірінші кезең танысулық кездесу (әңгімелесу) болуы мүмкін, осы процесс кезінде ұйымдық мәселелер шешіледі немесе сарапшылармен кездесу және делегат мүшелерімен кездесу. Көбінесе осындай қарым- қатынастан кейін келіссөз табысқа жетеді. Серіктестеріңізбен қарым- қатынастарды нығайту, алдын-ала келіссөз жүргізу және оларды тарату үшін американдық мамандардың кеңесі бойынша алты ереже қалыптасқан:

1. Өзін - өзі ұстай білуі керек. Бақыланбайтын эмоциялар келіссөздерде және оң шешімдер қабылдау кезінде теріс әсерін тигізеді.

2. Түсінбеушілік.

3. Сөйлесу. Егер сіздің серіктесіңіз үлкен қызығушылық танытса, оған кеңес беруге тырысыңыз. Бқл қарым – қатынасты жақсартуға және сақтауға көмектеседі.

4. Өтірік ақпарат ақиқаттың күшін жояды, сонымен қатар беделіне де нұсқан келтіреді.

5. Серістестеріңізге бір нәрсені үйретуге болмайды. Негізгі тәсіл сендіру.

6. Қабылдау Басқа жақты таңдауға ырысыңыз және серіктестеріңізден жаңа нәрсені білуге ашық болыңыз.

Келіссөздерді жүргізуге қлайлы күндер сейсенбі, бейсенбі болып саналады. Келіссөздердің жетістігі жақсы сұрақ қоюмен анықталады және оларға нақты жауап алынуы керек. Сұрақты дұрыс қоя білу шешімнің дұрыс қабылдануына ықпал етеді.

Сұрақтардың келесі түрлері бар.

Ақпараттық сұрақтар – мәліметтер жинауға арналған. Бақылау сұрақтар– оларды сөйлескенде қолдана білуге болады және сіздің серікесіңіз сізді түсіне ме екенін білу үшін мынадай сұрақта қоясыз: «Сіз бұлтуралы не ойлайсыз?», «Сіз де мен сияқты солай ойлайсы ба?». Осы сұрақтар арқылы кеіссөздерді өз қолыңызға қажетті бағытқа бағытта аласыз. Альтернативті сұрақтар серіктесіңізге таңдайға мүмкіндік береді. Нұсқлар саны үштен аспауы керек. Мұндай сұрақтар жауаптың тез шешілуіне ықпал етеді. Сонымен қатар «немесе» сөзі сұрақтың басты компоненті болып саналады. «Қай мерзім сізбен ақылдасуға ыңғайырақ – дүйсенбі, сәрсенбі немесе бейсенбі?». Қарама-қарсы сұрақтар - әңгіменің қысқаруына және серіктесіңіздің келіссөздің ақырғы шешіміне келуіне ықпал етеді. Сұраққа сұрақпен жауап беру тәрбиесіздікті белгісі ретінде қаралады

Іскерлік жиналыста екі жақ мәмілеге келетін мәселелер төңірегінде сөз болады. Күн тәртібіндегі сұрақтар егжей-тегжейлі талданғаннан кейін шешім қабылданып, тиісті құжаттарға қол қойылады.

КЕЛІССӨЗДЕР– қандай да бір шешімді өңдеу мақсатымен түрлі тараптармен пікір алмасу (жабдықтаушылар және сатып алушылар, тапсырыс берушілер және орындаушылар).

ІСКЕРЛІК ӘҢГІМЕ - өндірістік іс-әрекет мәселелерін шешуге бағытталған вербалды және вербалды емес байланысты пайдаланатын қатынас процесі.

ІСКЕРЛІК РИТОРИКА – іскер адамдарды мәдени сөйлеу сөздерімен қамтамасыз етуге бағытталған риториканың қолданбалы бөлігі.

ІСКЕРЛІК ЭТИКА – кәсіпкердің адамгершіліктік нормалары мен іс-әрекет ережелерінің жиынтығы, сондай-ақ қоғамның кәсіпкердің жұмыс стиліне, жұмысына, моральдық бейнесіне қоятын талаптары.

ІСКЕРЛІК КОНФЛИКТ – іскерлік қатынастар процесінде өндірісте туындайтын проблемалық жағдай.

ПІКІР-ТАЛАС – қандай да бір даулы мәселені талқылау, мәселені зерттеу.

АВТОРИТЕТ (бедел)— лидердің жүктелген міндеттерді орындауға өзгелерді итермелеу ықпалы.

ӘКІМШІЛІК ЭТИКА — барлық деңгейдегі мемлекеттік басқару мәселелерімен, сондай-ақ бюрократиялық ұйымдастыру мәселелерімен байланысты кәсіби этиканың бір түрі.

ПЕРСОНАЛДЫҢ ЖАУАПСЫЗ ӘРЕКЕТІ — компания мәртебесіне кері ықпалын тигізетін жекелеген қызметкерлердің тәртібі. В. Лоукс, Baxter Travenol Laboratories компаниясының бас директоры компанияны персоналдың жауапсыз әрекетінен қорғайтын төрт ережені ұсынды: 1) өте жақсы өмірбаян мен әлеуметтік тәртібі бар инабатты адамдарды жалдау; 2) жауакершілікті іс-әрекеттің барлық нормаларын толыққанды түсіндіру; 3) менеджерлер өз ұйымының күнделікті іс-әрекетінен алшақ болмаулары керек; 4) менеджерлер ұйым мақсатын жүзеге асыратын рольдік модельдер қызметтерін атқарулары керек.

ӘҢГІМЕ – сөйлесу, пікір алмасу; әйгілі баяндаманың бірі.

ИГІЛІК— белгілі оңды мағынаны қамтиды. Неғұрлым тар, этикалық мағынада игілік түсініг жақсылық сөзінің синонимы болып келеді.

"БЛАТ" —тиімді байланыстар этикасы.

БИЛІК— жалпы мағынада өз еркін жүзеге асыру қабілеті мен мүмкіндігі, қандай да бір іс-әрекетке, бедел, күштеу, құқық сияқты құралдардың көмегімен адамдарға ықпал ету мүмкіндігі мен қабілеті. Саймонның пікірі бойынша: 1) жоғарыда тұрғандар алдында атқарушылардың жауапкершілік шеңберін анықтайды. Ол қосымша сакнциялардың болуын да жоққа шығармайды; 2) басқарушылық иерархияға қажетті беделді сарапшыларды енгізу арқылы барлық қабылданатын шешімдердің кәсіби экспертизасын қамтамасыз етеді; 3) ұйымның барлық мүшелерінің күш салу координациясын қамтамасыз етеді. Фрэнч және Рэйвеннің жіктемесі бойынша биліктің негізгі бес формасы болады: 1)мәжбүрлеуге негізделген билік. Менеджер жаза көлемі немесе формасын бақылайтын болса, өзге адамдарға ықпал ете алады; 2) сыйақылауға негізделген билік. Егер адам менеджердің сыйақылауы мүмкін деген ойға сенімді болса, онда менеджер осы адамды билей алады; 3) экс­перттік билік менеджер арнайы және пайдалы білімнің тасушысы ретінде қабылданғанда жүзеге асырылады; 4) эталондық билік. Менеджерге еліктеу дегенді білдіреді; 5) заңды билік адамның қандай да бір ұйымды басқару құқығына негізделеді.

ТАҢДАУ(моральдық) — адам дербес түрде шешім қабылдағанда белгілі іс-әрекет линиясын саналы түрде таңдайтын моральдық іс-әрекет актісі. .

МЕМЛЕКЕТТІК ЭТИКА – мемлекеттік заңдар негізінде ұйым ішіндегі мемлекеттік қызметкерлердің іс-әрекет және қатынас стилін сипаттайтын этикалық нормалардың жиынтығы.

ГУМАНИЗМ(лат. humanus — адамдық, адамзаттық) — адамның тұлға ретіндегі, оның еркіндікке құқығын, бақытын, дамуы мен өз қабілеттіктерін көрсететін адамның құндылығын мойындайтын тарихи өзгермелі дүниетаным жүйесі.

ЖАҚСЫЛЫҚ ОЙЛАУШЫ— тұлғаның моральдық тұрақты қасиеттерінің (тұлғалар тобы, класс, қоғам) жалпыланған оңды сипаттамасы болып табылатын және олардың моральдық құндылығын көрсететін адамгершіліктік сана түсінігі.

ДОГМАТИЗМ— ойлаудың антитарихи, сызбалық стилі, онда теориялық және тәжірибелік мәселелер мен ережелерді талдау және бағалау нақы шынайылықты ескерусіз жүзеге асырылады.

ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ- тлғаралық қатынаста туындайтын және оның мінез құлқына із қалдыратын құбылыстардың объективті әрекет етуші байланыстары.

САЙЛАУ ЭТИКАCЫ— Тек өз адамдарымен этикалық нормалар мен ережелерді ұстану. Ал «бөтендерге» қатысты этикалық нормаларды бұзуға болады.

ЭТИКА КАРТАСЫ— компанияның әрбір қызмткері үшін корпорацияның этикалық кодексін нақтылайтын этикалық ережелер мен ұсыныстар жиыны. Ол этикалық мәселелер бойынша компанияның кеңес берушісінің аты-жөні мен телефонын қамтиды. Аталмыш әдіс жапондық компанияларда белсенді түрде қолданылады.

КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЭТИКА – айырбас саласындағы тараптардың қатынастарын реттейтін адамгершілік-іскерлік ережелердің жиынтығы.

ЭТИКА ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТ— ұйымның этикалық саясатын өңдейтін және аталмыш ұйымның нақты этикалық мәселелерін шешетін этика бойынша жоғарғы деңгей жетекшілерінен, мамандардан тұратын уақытша немесе тұрақты бөлімше.

КОНСАЛТИНГ(этикалық) — сыртқы тәуелсіз сарапшылардың ұйымның этикалық мәселелерін шешуге бағытталған кеңес берудің түрлері.

СЫН– ұжымның тұлғаға қатысты қоятын талаптарына сәйкес келмейтін іс-әрекеттерді бақылау мен бағалаудың формасы.

ТҰЛҒА (МОРАЛЬДЫҚ)- 1. адамгершілік іс-әрекет субъектісі; адам өз әрекеттерін қоғамның моральдық талаптарына сәйкес келітіріп, өз алдына адамгершіліктік құндылықтарды қойып, өз қылықтары мен қоршағандардың қылықтарын дербес бағалап, өзін тәрбиелегенде туындайды. 2. Адамның биологиялық және әлеуметтік қасиеттерінің қайталанбас жиынтығы, олардың ішіндегі ең маңыздысы адамның қоғамдық іс-әрекетте байқалатын әлеуметтік қасиеттері.

МАНЕРА- өзін-өзі ұстау тәсілі, өзге адамдармен өзін ұстаудың сыртқы формалары, сөйлеу қасиеттерінің жиынтығы (тон, интонация, қолданатын сөздер) және адамға тән жүріс-тұрыс, мимика (кейде киіну манерасы туралы да сөз қозғайды). Манералар тәртіп мәдениетіне жатқызылады және этикетпен реттеледі.

МОРАЛЬ(лат. moralis — адамгершіліктік;) — этиканы зерттеу заты, қоғамдық тану формасы, адам іс-әрекетін реттеу қызметін атқаратын қоғамдық ин­ститут.

НОРМА (МОРАЛЬДЫҚ)— 1. адамгершіліктік талаптың ең қарапайым түрлерінің бірі: моральдық қатынастар элементі ретінде және моральдық сана формасы ретінде. 2. әрбір адам үшін міндетті болып табылатын адамгершіліктік заң ретіндегі іс-әрекет нормасы.

ЭТИКАҒА ҮЙРЕТУ— ұйым қызметкерлерінің этикалық деңгейін арттырудың тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.

ӘДЕТ- өмірде адам үшін күнделікті, тұрақты болып қалыптасқан іс-әрекет, тәртіп, бейімділік; дағды мен ептілік.

ТӘРТІП (моральдық) — адамгершіліктік мәнге ие және тұрқты, сондай-ақ өзгермелі жағдайда салыстырмалы ұзақ мерзімде жасалатын адамдардың қылықтарының жиынтығы.

ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫҒЫ — құқықтық актілерде бекітілген және бизнес пен тұтынушылар қатынасының нормалары.

ӨНДІРІСТІК ЭТИКА – еңбек процесі қатысушыларының өзара қатынастарын реттейтін қағидалар мен нормалардың жиынтығы. Өндірістік этика материалдық өндіріс саласындағы іскерлік моральдың сақталыуын білдіреді.

КӘСІБИ ЭТИКА (мораль) — моральдық нормалардың белгілі жиынтығы.

БАСҚАРУ СТИЛІ – белгілі жетекшілер типіне сә



001503103.html

001503113.html