refberry.ru

Фразеологизмдер. 2 страница

2-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз.

1) просим выслать; 2) просим сообщить; 3) высылаем копию договора;

4) дирекция ходатайствует; 5) коллегия решила; 6) совет молодых ученых выдвигает; 7) в связи с тяжелым положением; 8) прошу принять меры;

1) прошу сообщить данные о производительности; 10) просим Вас проверить ход выполнения работ по изготовлению заказных станков;

11) просим Вас выслать в наш адрес более подробную информацию по этому вопросу; 12) оплату гарантируем; 13) качество изделий гарантируем; 14) надежность при эксплуатации гарантируем.

3-тапсырма. Керекті тілдік бірліктерді қойып, көшіріп жазыңыз.

1.2006 жылдың 20 акпанында келісілген мерзімнің аяқталатынын ....

1. Аталған мамандар сіздің мекемеге тәжірибе алмасу мақсатында ... .

2. Мекемеде орын алып отырган қаржы тапшылығына байланысты ....

3. Жеке тарапымыздан тоқтатуға ....

5. Экономикалық жағдайдың қиындығына байланысты қаржылай .... 6. Осы мәселенің дұрыс шешілуіне ... .Сіздің мекеме өкілімен жасалған келісімді ескере отырып, бар мүмкіндікті ....

Керекті тілдік бірліктер: ықпал етсеңіз, сіздің өтінішіңізді орындай алмаймыз, құқылы екенімізді ескертеміз, есіңізге саламыз, жіберіліп отыр, көмек көрсете алмаймыз, қарастыруыңызды сұраймыз.

ТҮСІНІКТЕМЕ ХАТ

Түсініктеме – негізгі құжаттың (жоспардың, есептің, жобаның) жекелеген ережелерін немесе қандай да бір фактінің, оқиғаның себептерін түсіндіретін құжат. Мазмұны бойынша түсініктеме екіге бөлінеді. Бірінші топқа негізгі құжатқа (жоспарға, есепке) ілесіп жүретін және негізгі құжаттың жекелеген ережелерін түсіндіретін құжаттар кіреді. Олар кәсіпорынның жалпы бланкілерінде ресімделеді.

Екінші топқа қандай да бір оқиғалар, қалыптасқан жағдайлар, жекелеген қызметкерлердің әрекеттері мен тәртібіне байланысты түсіндірме жазбалар енеді. Мұндай жазбалардың мәтіні дәлелді, қысқа болуы керек. Баяндау хаттар сияқты олар ішкі және сыртқы болып бөлінуі мүмкін. Құрылымдық бөлімшелердің немесе мекемелердің басшыларына берілетін ішкі түсініктемелер компьютермен бастырылған түрде немесе қолмен жазылған түрде таза қағазға ресімделеді. Жоғары тұрған органдарға жіберілетін сыртқы түсініктемелерге кәсіпорынның басшылары қол қояды және хаттар, факстерге арналған жалпы бланкіде ресімделеді.



Мәтінге арналған сөздік

түсініктеме – объяснительная записка

негізгі құжат – основной документ

жоспар – план

есеп – отчет

жоба – проект

жекелеген – отдельные

ереже – положение

мазмұн – содержание

бөлінеді – делятся

ілесіп жүретін – сопровождающий

ресімделеді – оформляются

құрылымдық бөлімше – структурное подразделение

оқиға – происшествие

қалыптасқан жағдай – сложившаяся ситуация

жекелеген қызметкерлер – отдельные работники

ішкі түсініктемелер – внутренние объяснительные

қолмен жазылған түрде – рукописным способом

жоғары тұрған органдар – вышестоящие органы

1-жаттығу. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Қандай құжат түсініктеме деп аталады?

2. Мазмұны бойынша түсініктеме нешеге бөлінеді?

3. Бірінші топқа қандай құжаттар кіреді? Олар қалай ресімделеді?

4. Екінші топқа нелер енеді? Мұндай жазбалардың мәтіні қандай болуы керек?

5. Олар қалай бөлінуі мүмкін?

6. Құрылымдық бөлімшелердің немесе мекемелердің басшыларына берілетін ішкі түсініктемелер қалай ресімделеді?

7. Жоғары тұрған органдарға жіберілетін сыртқы түсініктемелер қалай ресімделеді?

2- жаттығу. Түсініктеме хат үлгілерін құрстырыңыз.

1.Қазақ тілінде іс жүргізу пәнінің оқытушысы атына сабаққа келмеген себебіңіз туралы түсініктеме беріңіз.



2.Ғылыми-практикалық конференцияға не себепті қатыспағаныңыз туралы түсініктеме беріңіз.

3.Педагогикалық тәжірибені өтуді не себепті ауылға сұрайтындығыңыз туралы түсініктеме беріңіз.

4.Жұмыстан кету себебіңізді көрсетіп түсініктеме беріңіз.

5.Қысқы сессияны алдын-ала тапсыруыңыздың себебі туралы түсініктеме беріңіз.

6.Екі ай бойы сабаққа қатыспағандығыңыз туралы түсініктеме беріңіз.

7.Диплом алуда не себепті фамилияңызды өзгертетіндігіңіз туралы түсініктеме беріңіз.

8.Күндізгі бөлімнен сырттай бөлімге ауысу себебіңіз туралы түсініктеме беріңіз.

9. Оқу бөлімінің басшысы атына мемлекеттік тілді үйрену топтарын шағын топшаларға бөлу керектігі туралы түсініктеме беріңіз.

10.Сенбілікке қатыспағаны туралы түсініктеме беріңіз.

Түсініктеме үлгісі

Бағалы қағаздар бөлімі Банк басқармасы ТҮСІНІКТЕМЕтөрағасының орынбасары 00.00.0 ______________________ Бөлімнің 2007 жылдың ІІІ тоқсанына арналған жиынтық есебін факс-модем байланысының бұзылуына және банктің Алатау филиалындағы есеп беру мәліметтерінің болмауына байланысты көрсетілген мерзімде өткізе алмадық. Бөлім бастығы қолы аты-жөні
Отдел ценных бумаг Заместителю председателя ОБЪЯСНИТЕЛЬНАЯ ЗАПИСКАправления банка 00.00.0 _______________________ Сводный отчет отдела за ІІІ квартал 2007 г. не был представлен в указанный срок в связи с повреждением факс-модемной связи и отсутствием отчетных данных Алатауского филиала банка. Начальник отдела подпись И.О. Фамилия

ҰСЫНЫС ХАТ

ҰСЫНЫС ХАТ

Ұсыныс хат – белгілі бір ұйым басшысының жоғары тұрған басшылыққа қызметкердің жалақысын өсіру, дәрежесін көтеру т.б. туралы немесе еңбек нәтижесінің тиімділігін арттыру мақсатындағы жеке қызметкердің ұсынысы жазылған хат түрі. Сонымен қатар – қызметкерді белгілі бір қызметке ұсыну жөнінде басшыға жазылған хат.

Ұсыныс хаттың құрылымы:

- бланктің штамп реквизиттері;

- мекеменің толық аты;

- мекеме басшысының қызметі, аты-жөні, тегі

- мәтін

- ұсыныс хат иесінің қызметі, қолы, аты-жөні тегі.

Штат бірлігін көбейту туралы

____________ қаласы әкімі

аппаратының басшысы

____________________

Экономика және бюджетті жоспарлау департаментіне берілген ____________ жылға арналған штаттық кесте жобасында мәдениет, тілдерді дамыту, білім және спорт бөлімінің бөлінуі қаралмаған. Мұның себебі ____________ жылға арналған штаттық бірлік өсімінің қаралмағандығы болып отыр.

Білім және спорт бөлімін қосымша құру жөнінде мәдениет, тілдерді дамыту, білім және спорт бөлімін бөлудің есебінен үш қосымша бірлік қажет.

Берілген штат саны есебінен бөлім құру әрбір қызметкердің жұмыс көлемі лауазымдық нұсқаулықтармен белгіленгендіктен және штаттық бірлікті қысқарту қызметкерлерге қосымша жүктеме түсіретіндіктен мүмкін болмай отыр. Қазіргі уақытта аппарат бойынша маман тапшылығын ескерсек, жоғарыда аталған жайттар жағдайды күрделендіруі мүмкін.

Осыған байланысты Сізден штат кестесін үш бірлікке көбейту туралы мәселені шешуді өтінеміз.

Аудан әкімі ___________ ______________________

(қолы) (аты-жөні)

1-жаттығу. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Ұсыныс хат қандай құжат?

2. Ұсыныс хат қай кезде жазылады?

3. Ұсыныс хаттың негізгі бөліктері қандай?

Ұсыныс хат Көкшетау қаласы Қазақ мемлекеттік Басқару 25.06.2007ж. № 15 академиясындағы экономика саласы бойынша білім жетілдіру институтының директоры Б.Б. Манаповқа Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ректораты экономикалық теория және кәсіпкерлік кафедрасының аға оқытушысы Гүлнар Алтайқызы Қожахметованы 2000 жылдың 4 – 13 желтоқсанға дейін экономикалық пән оқытушыларының білімін жетілдіру курсына жібереді. Университет ректоры, Профессор: қолы А. С. Сәрсекеев

2--тапсырма. Төмендегі тапсырмалар бойынша ұсыныс хат үлгілерін құрастырыңыз.

1. Ақмола облыстық мемлекеттік тілді дамыту басқармасының бастығы Ғ. Т. Төлеғұлға «Өзге ұлт өкілдері арсында мемлекеттік тілді меңгеру» байқауына денсаулық сақтау басқармасынан қызметкер ұсынылатындығы туралы ұсыныс хат жазыңыз.

2.Ақмола облыстық мәдениет басқармасы бастығы Н. С. Сейітжановаға облыстық халық шығармашылық орталығы бас маманы Қ. Қалдырбаевты Мәдениет басқармасының маманы қызметіне лайық екендігі туралы ұсыныс хат жазыңыз.

3.Көкшетау қаласының «Отан» бірлестігі кеңесінің директоры Ю. И. Совотинге іс жүргізуші-хатшы Г. Теміртасованың әдіскер қызметіне, лайық екендігі туралы ұсыныс хат жазыңыз.

4.Мектептің педагогикалық кеңесі атынан мектеп директорына тәжірибелі ұстазы мектептің тәрбие ісінің меңгерушісі қызметіне ұсыну туралы хат үлгісін жазыңыз.

5.Студенттердің атынан факультет деканы атына хат жазып, үздік студентті факультет кеңесінің мүшесіне ұсыныңыз.

6.Кәсіпорын басшысынң атына білікті маманмен келісімшартты ұзартуды ұсынып, бөлім меңгерушісінің атынан ұсыныс хат үлгісін жазыңыз.

7.Университет ректорының иатына студенттік кеңестің төрағасының атынан Астана қаласынада өткізілетін «Жастар жарқын болашақ үшін» форумына депутаттыққа бір студентті ұсынып, хат жазыңыз.

8.Университет ректорының атына бір оқытушыны аға оқытушылыққа ұсынып, кафедра меңгерушісінің атынан ұсыныс хат үлгісін жазыңыз.

9.Қала әкімінің атына бір азаматты экономика бөлімінің бас маманы қызметіне ұсынып, әкімнің орынбасары атынан ұсыныс хат үлгісін жазыңыз.

10.Қалалық Ішкі істер басқармасының кадрлар бөлімі бастығының атына ұйымдасқан қылмыспен күресу бөлімі бастығының атынан бір қызметкерге әскери «капитан» шенін беруге ұсыну үшін ұсыныс хат үлгісін жазыңыз.

11.«Валют-Транзит» банкінің жергілікті филиалы директорының атына

екі қызметкерді алуға ұсыныс білдіріп, несие бөлімінің меңгерушісі атынан ұсыныс хат үлгісін жазыңыз.

12.Жергілікті қалалық Тіл орталығы төрағасының атына көшедегі жарнамалардың сауаттылығын қадағалайтын аудармашыны 0,25 штатқа алуды ұсынып, бас маманның атынан ұсыныс хат үлгісін жазыңыз.

13.Жергілікті сайлау комиссиясының төрағасының атына қалалық мәслихаттың депутатттығына кандидат ретінде тіркеуге алу үшін «Мұсылман әйелдер қоғамы» атынан бір азаматты ұсынып, қоғамның төрайымы атынан ұсыныс хат үлгісін жазыңыз.

3- жаттығу. Берілген құжат үлгісінің құрылымын түсіндіріңіз.

Ұсыныс хат Көкшетау қаласы Ш. Уәлиханов атындағы 05.09.2007ж. № 31 Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры, проф. А. Б. Қайсаровқа Филология факультетінің деканаты қазақ тілі кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымының кандидаты Өміргүл Ақанқызы Жұмағұлованы факультет деканының орынбасары қызметіне лайық деп тауып, осы қызметке алуыңызды сұрайды. Декан: қолы О. В. Черненко

ҚОЛХАТ

Қолхат – белгілі бір құңдылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алынғанын куәландыратын ресми құжаттың бір түрі.

Мазмұны мен құрылымы жағынан қолхат және кепілхат бір-біріне ұқсас.

Негізгі сөздік

кепілхат – гарантийное письмо

азамат – гражданин

берілген – выданный

куәландыру – удостоверяю

Тараптардың қолы – подписи Сторон

міндеттенемін - обязуюсь

процент төлеу – уплатить процент

3 дана етіп жасалған – составлено в 3 экземплярах

келісімшартқа сәйкес – в соответствии с договором

басқа талабым жоқ – других претензий не имею

несие – ссуда

қарыз – долг

жекеменшік – собственность

жеке басының куәлігі – удостоверение личности

қолхат беруші – подписывающий

1-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз

1. Қолхат қандай құжат?

2.Қолхатта қолхат беруші мен қолхат алушы туралы қандай мәліметтер көрсетілуі тиіс?

3. Қолхат кімде сақталады?

2-жаттығу.Үлгілерімен танысыңыз. Орыс тіліне аударыңыз.

1. Мен, Болатова Айдана, Л.Толстой атындағы облыстық кітапхананың сирек кітаптар қорынан Абай шығармаларының алғашқы басылымын алдым. Келісілген мерзімде қайтаруға міндеттенемін.

2. Мен, Сұлтанғазина Амина, А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің қазақ филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, университет кітапханасынан сабақ үстінде пайдалануға 20 (жиырма) дана «Қазақ тілі» оқулығын алдым. Оқулықтарды 2006-2007 оқу жылының соңында қайтаруға міндеттенемін.

Қазақстан Республикасының ІІМ 1999 жылғы 10 қазанда берген жеке куәлігімнің № 11526478

3. Мен, азамат, Мақсат Болатұлы, мекен – жайым Қостанай қаласы, Абай даңғылы, 15 – үй , 5 – пәтер, Қазақстан Республикасының ІІМ 2000 жылғы 10 наурызда берген жеке куәлігімнің №13456781, Қостанай қаласы Таран көшесі, 14 – үй, 10- пәтерде тұратын азамат Абай Амановтан, Қазақстан Республикасының ІІМ 2001 жылғы 5 қазанда берген жеке куәлігімнің № 1789456, жетпіс мың (70 000) теңге алдым.

Мен алынған ақшаны 2007 жылғы 20 тамызда қайтаруға, қайтармағанжағдайда 20 % көлемінде айып төлеуге;

- мекен-жайым өзгерген жағдайда бұл туралы 3 күн мерзім ішінде хабарлауға міндеттенемін.

- Осы қолхат 3 дана етіп жасалған, бір данасы №1 нотариалдық кеңседе тіркелген, екінші данасы азамат Мақсат Болатұлында, үшінші данасы Абай Амановта сақталады.

3-жаттығу. Жағдаяттар бойынша қолхат жазыңыз.

· Қарызға ақша алу

· Мекемеден уақытша пайдалануға компьютер алу

Мекеме бухгалтериясынан несие алу Сенімхат-сенім білдірілген тұлғаға сенім білдіруші атынан (кәсіпорын, азамат) қандай да бір іс-әрекетті жүзеге асыруға құқық беретін құжат.

4- жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз

- гарантийное письмо;

- гражданин;

- выданный;

- удостоверяю;

- подписи Сторон;

- обязуюсь;

- уплатить процент;

- составлено в 3 экземплярах;

- в соответствии с договором;

- других претензий не имею;

- ссуда;

- долг;

- собственность;

- подписывающий;

- обязуюсь вернуть указанную сумму в срок;

- при изменении места жительства обязуюсь сообщить новый адрес;

- требования договора;

- размер процента указан в договоре;

- выдан МВД РК;

- гражданин проживающий по адресу ул.М.Хакимжановой д. 55

- собщить в течении 3 суток

5-жаттығу.Оқыңыз, жазыңыз.

Мен, азамат .............................

- қолхат беруге;

- міндеттемелерді орындауға;

- алынған ақшаны (қарызды) дер кезінде (келісілген мерзімде) қайтаруға

- пайыз төлеп тұруға

- келісімшарттағы міндеттемелер орындалмаған жағдайда айып төлеуге

- келісімшартқа сәйкес пайыз төлеп тұруға

- мекен-жайым өзгерген жағдайда бұл туралы 3 күн мерзім ішінде хабарлауға

- міндеттенемін (кепілдік беремін).

6-жаттығу.Тақырыптық қолхат үлгілерін құрастырыңыз.

1. Өзіңіз жұмыс істейтін мекемеден белгілі бір құнды зат алғандығыңыз туралы қолхат беріңіз.

2. Кеден бөлімінен құнды заттар алғандығыңыз алғандығыңыз туралы қолхат беріңіз.

3. Өзіңіздің досыңыз А.А.Асқардан бір айға 30000 (отыз мың) теңгені 10 пайыз өсіммен беруге алғандығыңыз туралы қолхат беріңіз.

4. «Арман» техника үйінен 40000 (қырық мың) теңге тұратын теледидарды жалға алғандығыңыз туралы қолхат беріңіз.

5. Өзіңіз жұмыс істейтін мекемеден 3 күнге «Пентиум-4» компьютерін алғандығыңыз туралы қолхат беріңіз.

Сенімхат

Сенімхат - белгілі бір тұлғаның нақты бір мәселеге байланысты (көбінесе мүліктік сипаттағы) өз өкілеттігі мен құқығын екінші бір тұлғаға бергенін растайтын іс қағазының бір түрі.

Сенімхат кез келген төлем түрлерін, атап айтқанда, жалақы, жәрдемақы, шәкіртақы, зейнетақы алу үшін, ақшалай, сондай-ақ заттай корреспонденцияларды алу үшін, мүлікті ортақ пайдалану, көлік құралдарын иемдену, мұрагерлік құқы туралы куәлік алу үшін т.б. толып жатқан жағдайларда беріледі. Сенімхаттар нотариалдық кеңседе куәландырылады. Нотариалдық кеңседе сенім беруші мен сенім алушы түлғалардың жеке куәліктері арқылы жеке бастары анықталып, іс-әрекетке қабілеттілігі тексеріледі. Нотариус сенімхат мәтінін дауыстап оқып бергеннен кейін оған кол қойылып, мөр басылады. Нотариус сенімхат берушіге сенімхат алушының өз өкілеттігін сенімхат арқылы басқа бір адамға беруге құқы бар екендігін және сенімхат беруші жазбаша арыз беру арқылы сенімхаттың күшін жойдыруға құқы бар екендігін ескертуі қажет. Арнайы нотариалдық кеңсесі жоқ елді мекендерде жүргізілетін істер бойынша жазылатын сенімхаттарды жергілікті әкімшілік қызметкері куәландырады. Бір мекеме ішінде жүргізілетін істерге қатысты сенімхатты сол мекеме басшысы куәландыра алады. Мекеме басшысы сенімхат беруші және сенімхат алушы адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеру арқылы олардың ақиқаттығына көз жеткіуге тиіс. Сенімхат 1 дана болып дайындалады. Сенімхат мазмұнына мыналар кіреді:

1) құжат аты;

2) жазылған жері мен уақыты;

3) сенімхат берушінің және сенімхат алушының тегі, аты-жөні, мекенжайы қоса көрсетілген негізгі мәтін;

4) ұйым мөрі басылған, жазылғандарды растайтын жазба.

Құжат аты мен негізгі мәтін жоғарыда айтылған ережелерге сәйкес жазылады.

Сенімхат А4 форматты қағазға қолмен жазылады я болмаса жазба машинкасы арқылы да, компьютерлік жолмен де теріледі. Мәтінде түзетілген, өшірілген я қосымша жазылған сөздер болмауы керек. Мұндайлар болған жағдайда олардың әрқайсысына түсініктеме жазылып (“өшірілген сөз оқылмайды ”, “түзетілгені дұрыс” сияқты), оған сенімхат беруші де, сенімхат алушы да өз қолдарын қоюлары қажет. Төлемақы алу үшін берілген сенімхаттардың жарамдылығы - 3 ай.Мүлікті пайдалану үшін берілетін сенімхаттардың жарамдылығы - 3 жыл. Егер мүлікті пайдалануға берілген сенімхатта жарамдылық мерзімі көрсетілмесе, ол қол қойылған күннен бастап 1 жылға дейінгі мерзімде өз күшінде болады. Сенімхаттардағы жарамдылық мерзімі әрқашан жазбаша жазылуы керек. Сенімхатқа қол құжаттың түпнұсқа екенін куәландырушы адамның қатысуымен ғана қойылады. Құжат мәтінін сенімхат алушыға куәландырушы тұлға немесе сенімхат беруші адам дауыстап оқып беруге тиіс.Құжат дайындалғаннан кейін сенімхат беруші тұлғаның қолына беріледі, я оның өтініші бойынша сенімхат алушыға беріледі я жіберіледі. Ұйым басшысы мынадай жағдайларда сенімхатты куәландырмайды: -егер сенімхат өз атынан емес туысқанының я басқа бір адамның атынан берілсе, сол сияқты сенімхат өз атына емес туысқанының, я басқа бір адамның атына берілсе; -егер сенімхат мазмұнында айтылғандар заңға қайшы келсе; егер сенімхаттағы даталар жазбаша жазылмаса.

Мәтінге арналған сөздік

сенімхат – доверенность

сенімді тұлға – доверенное лицо

сеніп тапсырушы – доверитель

азамат – гражданин

құқық беруі туралы – о предоставлении права

үшінші тұлға – третьее лицо

алдында – перед

атынан – от имени

ресми сенімхат – официальная доверенность

жеке тұлға – физическое лицо

жеке сенімхат – личная доверенность

мәмілелер жасауға – на совершение сделок

материалдық-тауар құндылықтары – товарно-материальные ценности

кәсіпорынның өкілі – представитель предприятия

деректемелер – реквизиты

ұйымның атауы – наименование организации

анықтамалық деректер – справочные даные

құжат түрі – вид документа

құжаттың күні – дата документа

тіркеу нөмірі – регистрационный номер

лауазымды тұлға – должностное лицо

іс-әрекет түрі – вид действий

қолдану мерзімі – срок действия

жалақы алуға – на получение зарплаты

еңбек қатынастары – трудовые отнашения

Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

- Сенімхат қандай мақсатта жазылады?

- Сенімхат қандай жағдайларда жазылады?

- Сенімхатты кім куәландырады?

- Сенімхат қандай мерзімге беріледі?

- Сенімхатқа кімнің қолы қойылады?

- Сенімхатта жазылу мерзімі көрсетілуі қажет пе?

СЕНІМХАТ

Қазақстан Республикасы Алматы қаласы

Он үшінші наурыз, екі мың төртінші жыл.

Мен, Абдрахманов Әсет Тұрарұлы, мекенжайым - Алматы қаласы, Манас көшесі, 27-үй, 62-пәтер, осы сенімхат арқылы Алматы қаласы Желтоқсан көшесіндегі 12-үйдің 33-пәтерінде тұратын Оспанов Әділхан Негізұлына өзімнің атыма жазылған пәтерді мекенжайы Алматы қаласы, 4-ықшам аудан, 15 үй, 7 пәтер, сеніп тапсырамын.

Оспанов Әділхан Негізұлы қай кезде, қандай жағдайда болмасын аталған пәтерді қалаған бағасына сатуға, жалға беруге, аманатқа беруге, ауыстыруға, сыйға тартуға, мұраға қалдыруға байланысты кез келген құжатты менің атымнан толтыруға, қол қоюға және аталған істердің барлығын менсізақ, осы сенімхат арқылы жүзеге асыруға құқы бар.

Сенім білдіруші Ә.Т. Абдрахманов

(цолы)

Осы сенімхатты мен, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен 03 сәуір 1999 жылы берілген J\s0004152 лицензия негізінде әрекет жасаушы Алматы қаласының нотариусы Балабаева Бибігүл Серікқызы 13 наурыз 2004 жылы куәландырдым. Сенімхат мәтіні дауыстап оқылды. Сенімхатқа азамат Абдрахманов Әсет Тұрарұлы менің көзімше қол қойды. Қол қоюшының жеке басы анықталды, әрекет қабілеттігі тексерілді. Сенімхат №1-2589 тізілімде тіркелді. Жеке нотариусқа 971 теңге оо тиын төленді.



001503043.html

001503053.html